Президент • 02 Ақпан, 2026

Президент журналистерді Ұлттық басылым күнімен құттықтады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары Әділетті Қазақстанды құруға және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруға елеулі үлес қосып келе жатқанына назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент журналистерді Ұлттық басылым күнімен құттықтады

Президент мерзімді баспасөз өкілдерін конституциялық реформаны, сондай-ақ тұтас мемлекеттік жүйені түбегейлі жаңғыртуға бағытталған басқа да ауқымды өзгерістерді БАҚ-та жариялау кезінде конструктивті жұмыс істеуге үндеді.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауында патриотизм ұғымына жауапкершілік пен жасампаздық тұрғысынан қарап, заңды құрметтеу арқылы егемендігімізді және тәуелсіздігімізді қорғау ұлты мен дініне қарамастан әрбір отандасымыздың міндеті екенін айтты.
 
Мемлекет басшысы отандық журналистер осынау аса маңызды іске белсенді атсалысатынына сенім білдіріп, оларға толайым табыс пен бақ-береке тіледі.

«Ұлттық басылым – ұлттық тіл»

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістанға мемлекеттік сапармен баратынын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар